31 наурыз 2022 | 09:11

Дубайдағы EXPO 2020 көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің қатарына кірді

Дубайда өткен EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің бірі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дубайда өткен EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстан павильоны үздіктердің бірі атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан павильоны EXPO 2020 көрмесінде үздіктердің қатарында екінші орын алды. Бірінші орын - Германия, үшінші орын - Италия", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Қазақстан павильоны БАӘ-нің басты павильонына жақын орналасқан "Мүмкіндіктер" тақырыптық кластерінде орналасқан. Онда келушілер Қазақстанның әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алды.

Реклама
Реклама

Сыртқы жағынан павильон шығыс стилінде жасалған, ол заманауи техникалық мүмкіндіктермен толықтырылды. Қабырғалар жеңіл құрылымнан жасалған, үшкіл арка Түркістанның қасиетті жерлерін еске түсірді. 

Фото: Tengrinews.kz/Мейірім Смайыл

Павильонның кіреберіс аркасы петроглифтермен және скиф-сақ мәдениетінің элементтерімен безендірілген.

Фото: Tengrinews.kz/Мейірім Смайыл 

Ал құрылым ішінде экспозиция бірнеше аймаққа бөлінген. Қабырға орнына айналар мен экрандар орналасқан басты зал Ұлы дала аймағы деп аталды. Олар шексіз кеңістікті көрсеткісі келді, ал жасанды шөп - шексіз даланың көрінісі. Павильонда дала иісі де аңқып тұрды. Ол үшін жусан иісі бар хош иістендіргіш қолданылды.

Фото: Tengrinews.kz/Мейірім Смайыл

Еліміздің павильонын жасауға 8 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. 

Дубайдағы EXPO 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін жалғасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная