ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2023 | 15:40
Дүйсенова депутаттардың АӘК-ті алып тастау туралы ұсынысына жауап берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтату мүмкін емес. Бізде көмек алатын отбасылар бар. Жұмыс істей алмайтын азаматтар бар. Сондықтан оларға арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуі керек. Дегенмен, депутаттармен бірге АӘК тетігін жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұрын (АӘК) алған азаматтар келіп, өздері өтініш беріп, кейін көмек алатын", - деді Дүйсенова Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министр әрбір отбасын анықтап, нақты әлеуметтік көмек көрсетуді қарастыру керек екенін айтты.
"Жақында мен депутаттармен кездесіп, цифрлық картаны көрсеттім. Қазір жұмыс істей алмайтын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен біреудің объектив және субъектив себептері бар. Осыған қарап, нақты әлеуметтік көмек көрсету мәселесін қарастыру керек екенін түсіндірдім", - деп түсіндірді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также