21 қаңтар 2017 | 16:25

Дүйсенова терінің тез қартаюы ауруына шалдыққан 4 жасар балаға көмектесуге уәде берді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова төрт жасар баласы (Ернар Әлібеков) терінің тез қартаюы ауруына шалдыққан Зибенса Төлепбергеновамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова төрт жасар баласы (Ернар Әлібеков) терінің тез қартаюы ауруына шалдыққан Зибенса Төлепбергеновамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында олар баланың сырқат ерекшеліктерін, диагностикалық тексеру нәтижелерін, сонымен қатар, оны әрі қарай емдеу тактикасын талқылады.

Реклама
Реклама

Тамара Дүйсенова Зибенса Төлепбергеноваға Ұлттық балаларды оңалту орталығында (әрі қарай - ҰБОО) оңалту шараларын қабылдауды ұсынды.

"Сіздің ұлыңыздың денсаулығы министрліктің үнемі бақылауына алынды. Мемлекет халықтың денсаулығына басымдық бере отырып, ең алдымен, балалардың денсаулығына зор көңіл бөледі. Біз барлық медициналық көмекті көрсетеміз", - деді ДСӘДМ басшысы.

Сонымен қатар, Зибенса Төлепбергеноваға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Сонымен бірге, ҚР ДСӘДМ Астана қаласының әкіміне Төлепбергеновтер отбасына тұрғын үй беру туралы өтініш хатын жолдады.

Баланың аллергиялық статуысына байланысты Зибенса Төлепбергенова ұлын госпитализациялаудан бас тартты. 23 қаңтардан бастап Ернар Әлібековке ҰБОО-да амбулаторлық емдеу шаралары ұйымдастырылып, үнемі динамикалық бақылауға алынатын болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная