ПОДЕЛИТЬСЯ
23 наурыз 2022 | 09:38
ЕАЭО елдері интернет-дүкендегі бажсыз сауда шегін көтереді
Құрамына Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері жеке тұлғалардың шетелдік интернет-дүкендерде бажсыз сатып алуының шекті шегін 200-ден 1000 еуроға дейін арттыруға келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей үкіметтің хабарламасына сілтеме жасап.

"ЕЭК кеңесі (Еуразиялық экономикалық комиссия. - Ескерту) Ресейдің бажсыз сатып алу шегін ұлғайту туралы ұсынысын мақұлдады. Сәлемдеменің салмағына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады - 31 келіден аспайды. Қабылданған шешім 2022 жылдың 1 қазанына дейін жарамды", - делінген хабарламада.
"Бұл шешім достық мемлекеттердің шектеулеріне қарамастан, азаматтарға таныс тауарларға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді РФ үкіметі.
"Адамдарда таңдау мүмкіндігі болғаны маңызды. Бажсыз шекті көтеру азаматтарға шетелдік интернет-дүкендерде сатып алуды жалғастыруға мүмкіндік береді, олардың кейбіреулері "Мир" картасымен төлем қабылдайтындығы тіпті ынғайлы", - деді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин.
ЕАЭО елдері 2018 жылдан бастап бажсыз шекті төмендете бастады, сол кезде азаматтар бір ай ішінде шетелдік интернет-дүкендерден 1000 еуроға дейінгі және салмағы 31 келіге дейінгі сомаға бажсыз сатып алуды жүзеге асырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также