25 қазан 2017 | 19:51

ЕАЭО елдері Қырғызстанға бола миллиардтаған доллардан айырылды - Сағынтаев

© primeminister.kz

Бүгін Ереванда ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусь үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ереванда ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Армения, Қырғызстан, Ресей және Беларусь үкімет басшыларының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЕҮАК отырысы басталар алдында Армения президенті Серж Саргсян Ереванда жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь премьер-министрлерін қабылдады. Қонақтарға ізгі ілтипатын білдірген соң Серж Саргсян аталған кездесу қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болатынына сенім білдірді.  

Реклама
Реклама

Кездесуде тараптар интеграциялық қалыптастырулар аясындағы іске асырылатын жобаларды талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және алдында жасалған келісімдерді іске асыру бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Шағын құрамдағы ЕҮАК отырысы барысында қатысушылар ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясында бастамаларды пысықтау тәртібін, ішкі нарықтағы алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, авиациялық оқиғаларды зерттеу бойынша орган құру жұмысының барысы, кеме қатынасы туралы Келісім жобасын, сондай-ақ ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау туралы Келісім жобасын және т. б. қарады.

Кең құрамдағы ЕҮАК отырысында сөз сөйлеген Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда халықаралық сауда қатынастарын трансформациялау жүріп жатқанын, қолдаушылық тренді және ірі елдер арасында өңірлік сауда аймақтарын салуға бәсекелестікті арттыру күшейтіліп жатқанын айтып өтті.  


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная