22 қаңтар 2021 | 11:03

ЕАЭО елдеріндегі ең жас және қарт министрлер аталды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ranking.kz компаниясы зерттеу жүргізіп, министрлердің жасы бойынша рейтинг жасады. 2021 жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ елдері министрлерінің орташа жасы 49,2 болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ranking.kz компаниясы зерттеу жүргізіп, министрлердің жасы бойынша рейтинг жасады. 2021 жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ елдері министрлерінің орташа жасы 49,2 болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылардың пікірінше, ЕАЭО-ның ең жас министрлері Арменияда жұмыс істейді: олардың орташа жасы 45,3. Ал ең қарт министрлер Ресейде: мұнда орташа жас 52,2.

Реклама
Реклама

Қазақстан рейтингтің ортасында: министрлердің орташа жасы - 48.

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ең кәрі министр - Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ол 70,8 жаста. Ең жасы Арменияда жұмыс істейді - әділет министрі Рустам Бадасян, оның жасы 30-да.

Қазақстан министрлерінің ішінде ең ересегі - ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. Олардың екеуі де 58-де.

Министрліктердің ең жас басшылары - жаңа ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев (33 жас), цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (37 жас) және білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (38 жас).

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная