07 маусым 2019 | 11:46

ЕАЭО мен ҚХР тауар тасымалдау саласында келісімге келді

© primeminister.kz

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кеден шекаралары арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу жөніндегі келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Құжатқа ЕАЭО елдері мен КХР елдерінің премьер-министрлерінің орынбасарлары, ал ЕЭК атынан ЕЭК Алқасының Төрағасы қол қойды. Қазақстан Республикасының атынан ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов қатысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Келісімнің мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кеден шекарасы арқылы тасымалданатын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары мен тауарлар туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру.

Реклама
Реклама

"Еуразиялық экономикалық одақ, Болашақ стратегиясы" сессиясында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов сөз сөйледі.

Оның айтуынша, ЕАЭО елдеріне ынтымақтастыққа, өңірлік құндылық тізбектерін құруға көп көңіл бөлінуі керек. Атап айтқанда, өнеркәсіп, АӨК, көлік және басқа да салаларда кең ауқымды кооперациялық жобалар іске асырылуы мүмкін.

Әлихан Смайылов "Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, қосалқы мердігерлік және технологияларды беру желісі" жобасын іске қосу туралы жариялады, ол кооперативтік байланыстар арқылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын өндіріс тізбектеріне тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ол 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары әзірленіп жатқанын айтты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная