02 ақпан 2020 17:57

ЕАОЭ елдерінің көлігі: Алматыда алғашқы уақытша мемлекеттік нөмір берілді

Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Алматыда алғаш рет ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алғаш рет ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөлік тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімшілік полициясының мәліметінше, "Саялы" мөлтек ауданындағы №1 мамандандырылған ХҚКО-да республика деңгейі бойынша алғаш рет Ресейден Қазақстанға әкелінген көлік тіркелді. 

Реклама
Реклама

Көлігін тіркеген - 37 жастағы алматылық Владимир Баев. Ол Renault маркалы көлігін тіркеген екен. Көлік қожайынына сары түсті тіркеу белгісі берілген. 


Фото: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Естеріңізге салсақ, 1 ақпанда Қазақстанда ЕАЭО елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу бойынша акция басталған болатын. Ақпанда елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жексенбіде тек көлікті уақытша тіркеуді рәсімдейді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram