"Еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру. Мұндай сендерде ғана бар" - Назарбаев ОҚО әкіміне

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаев О?т?стік ?аза?стан облысыны? ?кімі Жансейіт Т?ймебаев?а цифрландыру?а ?атысты жобаларды тезірек дамытуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа цифрландыруға қатысты жобаларды тезірек дамытуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдарды бүгіннен бастап дайындамасаң, олар ертең қалып қалады. Ешқандай реніш болмауы қажет, әсіресе, жұмысқа алған кезде. Еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беріп жатыр. Басқа облыстарда мұндай жоқ, тек сендерге осындай жағдай болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа.

"Сондықтан егер ашық түрде жұмыс істейтін болсаңыздар, әсіресе, жер учаскелерін бергенде, мектепке жұмысқа алғанда, емхана мәселесі бойынша мұндай жағдай болмайды. Әрине, халық көп, жұмыссыздық байқалады. Бірақ сіздер осы қалыпта жұмыс істей берсеңіздер, артта қалып қаласыздар", - деді Президент.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама