Едіге Тұрсынов қайтыс болды

Едіге Тұрсынов © facebook

Алматыда белгілі ?дебиеттанушы-фольклоршы, филология ?ылымдарыны? докторы Едіге Т?рсынов ?айтыс болды. Б?л туралы 24 желто?санда Facebook желісінде м?дениеттанушы, "Вечное небо казахов" кітабыны? авторы Зира Наурызбаева хабарлады.

Алматыда белгілі әдебиеттанушы-фольклоршы, филология ғылымдарының докторы Едіге Тұрсынов қайтыс болды. Бұл туралы 24 желтоқсанда Facebook желісінде мәдениеттанушы, "Вечное небо казахов" кітабының авторы Зира Наурызбаева хабарлады.

"Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов өмірден озды. Ұлы фольклоршы Тұрсынов. Тағдыры ауыр болған қарапайым адам. Мен ол кісімен кездескен кезде әрдайым қалай сыйлайтынымды, оның өнерін құрметтейтінімді жеткізіп отыратынмын. Бірақ та оның ұлы тұлға екенін, қазіргі ұрпақтың оны өзінің ұстазы көретінін және біз оның кітаптарын іздеп, оқып, қолдан қолға беретінімізді көзі тірісінде айтпай қалған сияқтымын. 

Ол өте қарапайым өмір сүрді. Оның жақсылығын біраз адам пайда көрді. Оған ең бастысы еңбектерінің жарыққа шығып, елдің оқып білгені ғана қызықтыратын, ал баспадағы адамдар бар пайданы көретін. 

Реклама
Реклама

Мен ол кісінің жақын оқушысы және досы Қайрат Жаңабаевқа, туыстарына және барлық біздің қоғамға біздің ғылымды жаңа деңгейге көтерген Ұлы Ғалымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын.

Қосштасу рәсімі 26 желтоқсанда, дүйсенбіде, сағат 10.00-де Алматы қаласының Абай мен Абылайхан даңғылдарының қиылысында орналасқан Ұлттық кітапханада өтеді", - деп жазды ол. 

Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов Алматы қаласында 1942 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама