"eGov арқылы 650 мың теңге алу": WhatsApp-та тарап жатқан хабарлама рас па?

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ компаниясындағылар eGov арқылы ақша алуға болады делінген WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар мессенджерлерде хабарламалар алып жатыр. Онда 1991-2018 жылдар аралығында Қазақстан немесе Ресей территориясында жұмыс істегендер eGov арқылы 650 мың теңге көлемінде ақша ала алатыны жазылған. Хабарлама соңында өз мәліметтерін тексеріп алуға мүмкіндік береді деген сілтеме қосылған. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 1991-2018 жылдар аралығында жұмыс істеген адамдар eGov порталы арқылы ақша ала алады деген WhatsApp-та тарап жатқан хабарламалардағы мәліметті жоққа шығарады. Бұл мәлімет жалған, осыған байланысты арандатуға ермеуді сұраймыз", - делінген компанияның Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама