ЕGov Mobile қосымшасында тағы бір цифрлық құжат пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпаратты растайтын жаңа цифрлық құжат пайда болды. Енді әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық белгілеу туралы ақпаратты eGov Mobile қосымшасы арқылы "Цифрлық құжаттар" бөлімінде алуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің барлық тіркелген қорғаншылар мен қамқоршыларды, сондай-ақ олардың қамқорлығындағы азаматтарды есепке алатын ақпараттық жүйесінің деректері негізінде автоматты түрде қалыптастырылады.

Ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

Реклама
Реклама
  • ЖСН,
  • қорғаншы мен қамқоршылыққа алынушының Т.А.Ә.,
  • туған күні,
  • жергілікті атқарушы органның бұйрығының нөмірі мен күні,
  • "Күні жарамды" өрісінің болуы.

Құжатты қызметтерді алу, әртүрлі ұйымдарға хабарласу және т.б. кезінде көрсетуге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама