ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2023 | 17:34
eGov-тың жаңа қызметіне байланысты нотариустар шығынға ұшырауы мүмкін бе? Министрлік жауап берді
Әділет министрі Азамат Есқараев eGov жаңа онлайн сервисінің енгізілуіне байланысты нотариустар қаншалық шығынға ұшырауы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл сәтті пысықтадық. Нотариустың барлығы жұмыс істейді. Табыс төмендемейді. Бұл "win-win", нотариустар үшін де тиімді, халыққа да ыңғайлы", - деді министр.
Ол нотариат қызметінің құны сақталатынын және оларға жүгінген азаматтар бұл қызмет құнын банк өтініштер арқылы онлайн төлейтінін атап өтті. Ақша тікелей нотариустарға түседі.
Азамат Есқараев "Цифрлық нотариус" пилоттық жоба екенін және бастапқыда сенімхаттардың кейбір түрлері ғана қолжетімді болатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға нотариаттық қызметтің барлық түрі eGov Mobile арқылы онлайн режимінде қолжетімді болатынын хабарлаған едік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также