21 маусым 2021 16:32

ЕGov.kz-ке құжаттардың цифрлық нұсқасы енгізілді

Камила Долаева Журналист
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

ЕGov.kz порталында қазақстандықтар үшін цифрлық құжаттар қолжетімді болды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЕGov.kz порталында қазақстандықтар үшін цифрлық құжаттар қолжетімді болды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша, цифрлық құжаттар eGov-те пайдаланушының жеке кабинетінде қосымша бөлім ретінде шығарылды", - деп хабарлады компания өкілдері.

Цифрлық құжаттарды көру үшін қолданушылар порталдағы "Жеке кабинетке" кіруі керек.

Реклама
Реклама

Келесі кезекте жоғарғы жағындағы "Цифрлық құжаттарды" басу қажет.

 

Әрі қарай құжаттар тізімінен қажеттісін таңдайсыз. 

 

Сайтта цифрлық құжаттардың 15 түрі қолжетімді:

  • Жеке куәлік.
  • Жүргізуші куәлігі.
  • Туу туралы куәлік.
  • Неке қию туралы куәлік.
  • Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік.
  • Некені бұзу туралы куәлік.
  • Техникалық төлқұжат.
  • COVID-19-ға ПТР тестінің нәтижесі.
  • Студенттік билет.
  • Диплом.
  • Зейнеткер куәлігі.
  • Кандас куәлігі.
  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлік.
  • Әлеуметтік ID.
  • Вакцинация құжаты.

Алайда қазақстандықтар заң бойынша әлі де құжаттарды өзімен бірге алып жүруі тиіс екенін ұмытпауы керек.

Наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құжаттардың қағаз нұсқаларына біртіндеп тыйым салынып, электрон форматқа көшірілуі тиіс деп мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram