17 қазан 2023 | 14:25

Егіз қыздардың зорлануы: ІІМ полицейлерге қатысты тексеріс басталғанын хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысындағы 3 жасар егіздің зорлануына қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысындағы 3 жасар егіздің зорлануына қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бүгінде 2 адам қамауға алынған.

Реклама
Реклама

"Олар - егіздің әжесі мен өгей нағашы атасы. Бүгінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қыздар медициналық мекемеге жатқызылды. Менің білуімше, олардың жағдайы ауыр. Оларға Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл барып, жағдайын білді. Тағы сұрақтар бар. Оларды қызметкерлерімізге қойып жатырмыз. Қазір тексеріс жүргізіп жатырмыз. Анықталған кейбір деректер бар. Әзірше бұл жағдайларға түсінік бергім келмейді", - деді Игорь Лепеха Үкіметтің баспасөз орталығында.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға Алматы облысы Бақанас ауылында болған. 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлады деген күдікке ілінді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында үш жасар қыздарды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік. 3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная