"Эйр Астана" әуе компаниясының Алматыдан Ақтауға дейінгі рейсі 10 сағатқа кешіктірілді

Ұшақ мәжбүрлі түрде қонған Атырау әуежайы. © kstnews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты "Эйр Астана" әуе компаниясының Алматы - Ақтау рейсі 10 сағатқа кешіктіріліп жатыр - ұшақ мәжбүрлі түрде Атырауға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы-Ақтау-Алматы 859/860 рейсі Ақтауға 1 сәуір күні сағат 21.30-да қонуы тиіс болған. Алайда қалың тұманның кесірінен экипаж ұшақты Атыраудағы аэродромға қондыру жөнінде шешім қабылдады.

"Бастапқыда Алматы-Ақтау-Алматы рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілді, кейін экипаждың жұмыс уақыты аяқталды. Қазір Атырауға Астанадан жаңа экипаж ұшып шықты", - деді "Эйр Астана" әуе компаниясының баспасөз қызметінің басшысы Белла Тормышева.

Реклама
Реклама

Ақтау әуежайының анықтама қызметіндегілердің хабарлауынша, бұл рейс бүгін, 2 сәуір күні сағат 11.30-да ұшып келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, қазіргі таңда Ақтауға ұшу үшін 149 жолаушы күтіп отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама