ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мамыр 2021 | 09:39
Ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай алынғаны белгілі болды
Түркістан облысындағы мектепте ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай орналасқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысындағы мектепте ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай орналасқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2019 жылы 19 наурызда мектепте jumys.snation.kz бос жұмыс орындары базасына орыс тілі және әдебиеті пәніне бос орын жарияланған. Ал тіркелу мерзімі 2019 жылдың 4 сәуірде аяқталған. Осы мерзім аралығында бос жұмыс орнына орналасуға 1 үміткер - Турсынбаева Ситора Уктамбаевна тіркелген. Артынша ол 2019 жылдың 1 сәуірінде бос жұмыс орнына тест тапсыру үшін тіркелген.
Бос жұмыс орнына орналасу үшін бірінші кезең тестілеуге 2019 жылдың 17 сәуірінде қатысқан. Бірінші кезеңнен 53 балмен өткен, шектік балл 50 балл болған. Конкурстың екінші кезеңіне 22 сәуірде қатысып, комиссия қорытындысы бойынша 18 балл жинап, бос жұмыс орнына ұсынылған.
Мұғалім мектепке Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес 02.05.2019 жылы қабылданған. Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Турсынбаева Ситора Уктамбаевна 1992 жылы 11 ақпанда Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты - тәжік. Қазақстан Республикасының азаматы.
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, 2018 жылы аталған оқу орнын аяқтаған.
Еске салайық, кеше Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орыс тілін пәнді меңгермеген, сонымен қатар ежіктеп оқитын мұғалім оқытатыны белгілі болды. Бұл туралы "Отырар" телекомпаниясының сюжетінде айтылған.
Тілшілер мәліметінше, мұғалім Ынтымақ ауылындағы мектепте орыс тілі пәнінен 1 наурызға дейін сабақ беріп, кейін жүктілігіне байланысты демалысқа шыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также