ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2021 | 09:07
Ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиғаның күтпеген мән-жайы анықталды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мектепте орыс тілі мен әдебиеті сабағынан беретін ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиға жалғасын тапты, - деп хабарлайды "Отырар".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында мектепте орыс тілі мен әдебиеті сабағынан беретін ежіктеп оқитын мұғалімге қатысты оқиға жалғасын тапты, - деп хабарлайды "Отырар".
№ 8 қазақ-тәжік орта мектебінің директоры Гүлсара Хасанова педагогті аудандық білім бөлімінен бөлу бойынша жұмысқа қабылдағанын айтады.
"Ол тестілеуден өтті, сосын екінші кезең - әңгімелесу, ол біздің мектепте өткен жоқ. Ол маған ауданнан бағыттама бойынша келді. Мен, әрине, оны қабылдадым", - дейді директор.
Бұған дейін аудандағылар педагогтің жұмысқа қабылдануына байланысты жауапкершілікті мектеп директорына артқан болатын.
Мектеп басшысы Қоғамдық даму департаментінің кадр жетіспеуі туралы мәлімдемесін де жоққа шығарды.
"Бізде кадр жетіспеуі жоқ. Бізде ешқандай дефицит жоқ", - деді Гүлсара Хасанова.
Директордың сөзінше, педагог расында буынға бөліп оқитын, бірақ ол алғашқы кездері, мұғалім мектепке енді ғана келген жылдары болған.
Алайда ата-аналардың бірі директордың сөзін жоққа шығарды.
"Ол балаларға сабақты қашықтан беру кезінде солай сөйлеп отырды. Есіңізде болса, былтыр барлық мектепті жауып тастаған болатын", - дейді ата-ана.
Бүгінде педагог декреттік демалыста. Жақында ол босанған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также