28 наурыз 2020 | 12:16

"Екі адамнан пневмания анықталды". ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар туралы не белгілі?

Сурет: elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі коронавирус жағдайы туралы айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өңірдегі коронавирус жағдайы туралы айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары! Бүгін облысымызда, атап айтқанда, Семей қаласында коронавирус дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды. Отбасылық жұп 1959 жылы дүниеге келген. Олар 2020 жылдың 21 наурызында елімізге "Шарм-Эль-Шейх – Нұрсұлтан" рейсімен оралған. Египетте демалыста болған.
Семей қаласына өз көлігімен жеткен", - деп жазған әкім Instagram желісіндегі парақшасында. 

Олармен бірге отбасы мүшелері, яғни, тағы 5 адам болған екен.

Реклама
Реклама

"2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген COVID-19 талдауы төрт адамда теріс нәтиже көрсетті. Бір талдау қазіргі уақытта зерттеу барысында. Сонымен қатар, олармен байланыста болған тағы бір адам анықталды. Оның да анализі тексеруге алынды. Қазіргі таңда төртеуі провизорлық стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында", - деді ол. 

"Айта кетейін, науқастардың жағдайы тұрақты ауырлығы орташа деңгейде. Алғашқы шағымдары дене қызуы мен сирек жөтел болған. Жедел медициналық көмек бригадасы шұғыл әрекет етіп, алгоритмге сәйкес арнайы капсулаларда оларды стационарға жеткізді. Қазіргі уақытта бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде", - деп қосты Даниал Ахметов.

Ол шығысқазақстандықтарға жағдай барлық жауапты қызметтің бақылауында екенін ескертті.

Семейде коронавирус ауруына шалдыққан екі адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан хабарлады.

"1959 жылғы ер адамға жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша, екі жақты пневмония диагнозы анықталды. Сондай-ақ провизорлық стационарға жеткізілген 1960 жылғы әйелге сол жақ бронхопневмония диагнозы қойылды", - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның айтуынша, провизорлық стационарда жатқан адамдардың жағдайы орташа, 37.2-ге дейін температуралары бар.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 204 болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная