“Екі әйнегі бар“. Алматыда көлігінің терезесін қараңғылатқан жүргізуші ұсталды

видео кадры

Алматыда көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері терезелері қараңғыланған көлік жүргізушісін ұстады. Тәртіп сақшылары "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматының Түрксіб ауданында 24 жастағы ер адам тізгіндеген Hyundai көлігін тоқтатқан.

Видеода көліктің екі әйнегі бар екені көрінеді: бірі - күңгірт, екіншісі - жай әйнек. Нәтижесінде, бір ғана батырманы басу арқылы екі терезені ауыстыруға болады. Полиция мәліметінше, жүргізуші қараңғылатылған әйнекпен жүрген сәтінде тоқтатылып, ұсталған.

Реклама
Реклама

Тексеру барысында заңбұзушылық дерегі анықталып, жүргізушіге шара қолданылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама