14 желтоқсан 2019 12:35

Екі баланы ажалдан арашалап қалған азамат марапатталды

Фото 24.kz сайтынан

Солтүстік Қазақстан облысында екі бірдей баланы ажалдан арашалап қалған азамат марапатталды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында екі бірдей баланы ажалдан арашалап қалған азамат марапатталды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Владимир Воробьевқа "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі табысталды.

Реклама
Реклама

Оқыс оқиға 4 қарашада Воскресеновка елді мекенінде болған. 8 және 10 жастағы екі бала көлдің бетінде ойнаған. Алайда, аяқ астынан мұз опырылып, екеуі суға батады. Осы кезде сол тұста жүрген Владимир балалардың айқайын естіп, бірден көмекке ұмтылады. Дереу суға күмп беріп, екі баланы құтқарып алады.

"Балалар жағадан 15 метрдей жерде батып жатты. Ол кезде мұздың қалыңдығы да тым жұқа еді. Менің салмағымды көтермей, ойыла берді. Тереңдігі шамамен 3 метр болатын көлден балаларды сыртқа шығару оңай болмады. Жағаға шыққан соң әйелім екеуіміз бүлдіршіндері бірден үйге алып келдік", - дейді Владимир Воробьев.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram