19 ақпан 2022 | 11:54

Екі елден зейнетақы алып жүрген ондаған ақтөбелік сотталады

Көрнекі сурет: pixabay

40-тан аса ақтөбелік зейнеткер жергілікті органдардың көзіне түсті. Олардың бәрі бірнеше жыл бойы қос зейнетақы алып жүрген. Зейнетақы Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да төленіп тұрған. Енді олар миллиондаған қаржыны қайтаруы керек болады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

40-тан аса ақтөбелік зейнеткер жергілікті органдардың көзіне түсті. Олардың бәрі бірнеше жыл бойы қос зейнетақы алып жүрген. Зейнетақы Қазақстан тарапынан да, Ресей тарапынан да төленіп тұрған. Енді олар миллиондаған қаржыны қайтаруы керек болады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Қос зейнетақы туралы дерек бір жыл бұрын белгілі болған. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ресейдің зейнетақы қорына жүгінген. Қазақстандық тарап көршілес елден де зейнетақы алған азаматтар туралы сұраған. Тексеріс кезінде 46 ақтөбелік екі елден де зейнетақы алып жүргені анықталған.  

"Ол адамдармен 2020 жылдан бері артық қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 46 адамның алтауы соталды тәртіп бойынша зейнетақыны қайтаруға өз еркімен келісті", - дейді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Мәжитов. 

Реклама
Реклама

Мамандардың сөзінше, зейнетақы заң бойынша тұрғылықты мекенжайы бойынша ғана төленуі керек. Басқа елге көшкен жағдайда қазақстандықтар қажет органға хабарлауы керек, сол кезде төлем тоқтайды. Тексеріс кезінде анықталған адамдардың көбі оны істемегені белгілі болды. Кейбірі біраз уақыттан кейін еліне оралған, бірақ ресейлік органдарға елден шығып кеткенін хабарлауды "ұмытып" кеткен.  

"Алдымен Ресейде зейнетке шығып алады, оларда зейнет жасы - 60. Қазақстанда мысалы ер адамдар үшін 63 жас. Олар Ресейдің зейнетақы қорына барып, зейнетке шығып алады. Артынша Қазақстанға келіп үш жылдан кейін жергілікті заң бойынша тағы зейнетке шығып алады. Бірақ зейнеткер екенін жасырып қалған", - дейді Нұрлан Мәжитов.  

Енді зейнеткерлер бірнеше жыл бойы алып жүрген ақшаларын қайтаруы керек. Заң бұзушыларға зейнетақы төлемі тоқтатылып, ондаған миллион теңгені қайтару бойынша талап қойылды. Бірақ кейбір құқыққорғаушылардың сөзінше, шенеуніктердің бұл әрекеті заңсыз.  

"Қазақстан ЕАЭО елдерінің еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялады. 6-баптың 1-тармағында келісімге қатысушы мүшелердің әрбір азаматы осы мемлекеттерден 2, 3, 4 зейнетақы ала алады делінген. Ал біздің сот осы халықаралық келісімнің қолданысына назар аудармайды. Олар Қазақстанда базалық зейнетақыны төлеу ережелеріне сілтеме жасайды. Осы тармақта 64-тармақ, 2-тармақша бойынша бізде шетелдік азаматтар зейнетақы алуға құқылы", - дейді адвокат Иван Хан.

Қос зейнетақы алып жүргендер туралы ақпарат көші-қон полициясына да жеткен. Олардың көбінде қос азаматтық бары анықталған. Заңгерлердің сөзінше, ол үшін зейнеткерлер айыппұл төлейді, олар қазақстандық паспортынан айырылып, елден шығарылады. Әрине, ресейлік азаматтықтан бас тартып, төлемді қалыпқа келтіруге болады. Бірақ оған көп уақыт қажет болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная