ПОДЕЛИТЬСЯ
26 наурыз 2024 | 11:59
Екі қаланың тұрғындары жоқ ыстық су үшін ақша төлеген
Прокурорлар тексеруінен кейін Павлодар мен Екібастұз тұрғындарына ыстық суға қайта есептеу жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Павлодар облысының прокуратурасы "Павлодарэнергосбыт" ЖШС және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС монополистердің жаз мезгілінде іс жүзінде ыстық су үшін абоненттік төлемақыны есептеген заңсыз қызметіне жол бермеді.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша, Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді, яғни наурыздағы түбіртектерінде көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также