11 маусым 2024 | 13:06

Екі қазақстандық чат-рулеткада айтқан сөздері үшін 5 жылға сотталды

Фото:depositphotos.com

ШҚО-ның екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-ның екі тұрғыны билікті басып алу және сепаратистік әрекеттерді насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың прокуратурасына сілтеме жасап.

Өскемен қалалық №2 сотының шешімі бойынша, Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты қоздыратын жарияланымдар мен үгіт-насихаттары үшін сотталды.

"Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпанында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажет екені туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды.

Референдумда оң нәтижеге қолжеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттаған. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная