ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2020 | 12:23
Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Цифрлық даму және Білім және ғылым министрілігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Цифрлық даму және Білім және ғылым министрілігінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттік басшысы пандемия барлық мемлекетті, мемлекеттік басқару жүйесін және қалыптасқан бизнес-процестерді қайта қалыптастыру арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, сондай-ақ өзгерістерді тиімді басқаруға шындап ойлануға әкеліп соққанын атап өтті.
"Бүгінде әлемде мемлекеттік басқаруды жеделдету, цифрландыру мәселесі өзекті. Коронавируспен күресудің үздік тәжірибелерін талдау Оңтүстік Корея мен Сингапур сияқты дамыған және нақты жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық сервистері бар елдер пандемияны тез арада жеңуге болатынын көрсетті.
Сондықтан біз бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қоюымыз қажет. Осы тұрғыда қазіргі уақытта Цифрлық даму және Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты цифрландыру бойынша екі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанымызды мәлімдегім келеді", - деді Шпекбаев жарты жылдықтың қорытынды бойынша Агенттіктің алқа отырысында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также