ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2019 | 15:42
Екі облыста найзағай мен күшті жел соғады - Ескерту жарияланды
Қазақстанның екі облысында найзағай мен күшті желдің болуына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның екі облысында найзағай мен күшті желдің болуына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Казгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оның екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавл қаласында 7 қыркүйекте найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
6-7 қыркүйек аралығында Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, солтүстіктен жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді. 7 қыркүйекте Қостанайда күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 18 метр болуы мүмкін.
Бұған дейін синоптиктер 7-9 қыркүйек аралығына ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Показать комментарии
Читайте также