ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2023 | 10:47
Екі орманшы иіс тиіп уланып қалған - Абай облысы әкімі
Абай облысындағы өрт кезінде орман шаруашылығының екі қызметкері иіс тиіп уланған. Сондай-ақ, үш үй, екі техника өртенді. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баяндама барысында аймақ басшысы қазіргі уақытта Бұлақ, Талица, Половинки ауыл тұрғындары (463 адам) қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, эвакуациялау орындарында полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр. Тұрғындар Семей қаласы мен Бородулиха ауылының эвакуация пункттерінде.
"Өрт сөндіруге тартылған және эвакуацияланған азаматтарға азық-түлік жеткізіледі. Қазіргі уақытта өрт салдарынан үш үй өртенді, екі техника, көміртегі тотығымен уланған орманшылықтың екі қызметкері сауығып келеді, тракторшы Д.К. Қанафин жалпы палатаға ауыстырылды, С.М. Бақанасов үйіне жіберілді", - деді Ұранхаев Үкімет отырысы кезінде.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также