Екі ірі компания миллиондаған теңге салықты толық төлемеді деп айыпталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Екі ірі компания миллиондаған теңге салықты толық төлемеді деп айыпталды Фото:depositphotos.com

Экибастұз прокуратурасы қадағалау қызметі барысында өңірдегі ірі кәсіпорындардың салықты толық әрі уақытылы төлемегенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экибастұз прокуратурасы қадағалау қызметі барысында өңірдегі ірі кәсіпорындардың салықты толық әрі уақытылы төлемегенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Б. Нұржанов атындағы Экибастұз ГРЭС-1" ЖШС жабдықтарды жөндеу кезінде кіріс әкелетін қызметке қатысы жоқ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сомаларды шегерімге жатқызған. Нәтижесінде 421 миллион теңге көлемінде салық төленбеген.

Сондай-ақ, "Қазақстандық вагон жасау компаниясы" ЖШС-нің қызметінде өнімді өткізу айналымының төмендегені анықталып, бұл да бюджетке түсетін түсімге әсер еткен — төленбеген салық сомасы 550 миллион теңге болған.

Жарнама
Жарнама

Қадағалау актісі негізінде салық органдары камералдық бақылау жүргізіп, салық төлеушілердің қатысуымен әкімшілік тыңдаулар ұйымдастырылған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде анықталған барлық бұзушылықтар жойылып, кәсіпорындар салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, жетіспейтін сома толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама