ПОДЕЛИТЬСЯ
23 маусым 2021 | 12:31
"Екі рет тексердік": Бекшин Алматыдағы үнді штамы туралы айтты
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамының болу қаупі екі рет тексерілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин үнді штамының болу қаупі екі рет тексерілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен аптадан бастап мутацияға реактивтер келіп, нақты зерттеулер жүргізіп жатырмыз. 63 ПТР-тестін тексердік, олардың 83 пайызы ұлыбританиялық штамм, екеуінде оңтүстікафрикалық штамм анықталды. Біреуінен Нью-Йорк штамы табылды. Кеше кешкісін тағы бір сынамада дельта штамы болуы мүмкін екені анықталды, бүгін таңертең қайта зерттеу жүргізілді, бұл сынамада шынымен мутацияланған штамм болуы мүмкін", - деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда алдын-ала мәлімет бойынша, коронавирустың үнді штамы пациенттердің 56 пайызында расталғаны хабарланған болатын. Олардың үлгілері қосымша зерттеуге жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также