Екі сағат жұмыс істемеді: ҰАТ мемлекеттік орган сайттарындағы ақау себебін атады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) министрліктер мен басқа да мемлекеттік орган сайттарының жұмыс істемеу себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) министрліктер мен басқа да мемлекеттік орган сайттарының жұмыс істемеу себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰАТ баспасөз қызметі мәліметінше, компания "өнімділігі мен функционалын жақсарту үшін" барлық мемлекеттік ұйым веб-сайттары негізінде жұмыс істейтін gov.kz платформасын үнемі жаңартып отырады.

"Алайда, бүгін соңғы жаңартуға байланысты кейбір мәселелерге тап болдық. Нәтижесінде gov.kz жұмысында қиындықтар туындады. Платформа жұмысын дереу қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылданып, жаңартулар тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта барлық мәселе шешіліп, gov.kz домені бар сайттар қайтадан толықтай жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама