Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Екатерина Биволға іздеу жарияланғаны туралы ресми ақпарат шықты

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1990 жылы туған Екатерина Игоревна Биволға қатысты іздестіру ісі 1 қарашада Астанада тіркелген.

Іздестіруді Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жариялаған. Ал іздеуді Байқоңыр ауданының Полиция басқармасы жүргізеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Екатерина Бивол ТМД азаматы екені көрсетілген.

Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Өткен аптада Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама