18 сәуір 2023 | 18:07

Екібастұз әкімдігі қаланы жылусыз қалдырған монополисті сотқа берді

Екібастұз қаласының әкімдігі "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұз қаласының әкімдігі "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ін сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, азаматтық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр. Қала басшылығы апат салдарын жоюға бөлінген қаржыны кәсіпорыннан өндіріп алмақшы екені атап өтілді.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 28 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Екібастұз ЖЭО мен жылу желілеріндегі апатқа байланысты қалада техногендік төтенше жағдай жарияланған.

Реклама
Реклама

"Оның салдарын жою үшін жергілікті бюджеттің төтенше резервінен 22 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді. Ол жанар-жағармай, ыстық тамақ, жататын орынмен қамтамасыз ету үшін кетті", - деп жазды Pavlodarnews.kz.

Қалалық прокуратураның ұсынысы бойынша кәсіпорынға аталған шығындарды өтеу туралы талап арыз жолданған.

"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС материалдық шығынды өтеуден бас тартты. Қалалық әкімшілік сот процесі аяқталмағанын хабарлады", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная