ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2022 | 16:34
Екібастұз ЖЭО-дағы апат: Антикор өкілі тергеу туралы айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екібастұз жылу электр орталығында болған апатты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екібастұз жылу электр орталығында болған апатты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" қорының алаңында жиын өткіздік. Жылу байланысы, энергетика саласындағы құқықбұзушылықтарды немесе тәуекелдерді талдау факторында - еліміздің барлық өңірінде бұл жұмыс бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Екібастұзға қатысты: қазіргі уақытта Павлодар облысының прокуратурасы соталды тергеу амалдарын бастады. Одан әрі тергеу жұмыстары уәкілетті орган – полицияға берілді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Саян Ахметжанов.
Ол жұмыс тобының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тергеу бөлімшесінің өкілдері кіргенін айтты.
"Жалпы, сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі туралы айтқан жоқпыз, әрбір салада ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша комплаенс-қызмет тиімді жұмыс істеуі тиіс ұйымдар бар. Бұл соталды тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет емес, қадағалау органдары бастаған", - деп түсіндірді Антикор өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также