ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қараша 2023 | 12:42
Екібастұз ЖЭО-дағы апат: сот үкімі шықты
Екібастұзда былтыр жылу электр орталығында болған апатқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұзда былтыр жылу электр орталығында болған апатқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталушылар "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС бұрынғы бас директоры Павел Мельничук, "ЕЖЭО" ЖШС бөлімшесінің бұрынғы басшысы Виктор Вебер және "Екібастұз жылу желілері" ЖШС бұрынғы директоры Евгений Горватқа ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша айып тағылды.
Сот істі қарап, осы бап бойынша барлық айыпталушыларға екі жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
"Сотталушылардың кінәсі сот отырысы барысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен расталады. Екібастұздың осы аталған коммерциялық ұйымдарының басқару функцияларын орындаған сотталушылар 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын толық қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қолданбаған. 2022 жылғы 27 қарашада Екібастұзда "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС жылу желілерінде апат болды, бұл ауыр зардаптарға әкеп соқтырды және қалада ТЖ енгізілді", - деді судья Ассель Тазбулатова.
Еске салайық, былтыр 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан кейін қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болды. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также