Екібастұз Қазақстанның моноқалалар тізімінен шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Екібастұз Қазақстанның моноқалалар тізімінен шығарылды Фото:gov.kz

Екібастұз моноқала санатынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Екібастұз моноқала санатынан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты. ҚР премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №75 бұйрығына сәйкес Екібастұз моноқалалар тізбесінен шығарылды.

Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізген.

Реклама
Реклама

Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығу нәтижесін көрсеткен. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылымы, өнеркәсіптің тұрақты өсімі және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.

Жаңартылған тізім

Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. Осылайша, елдегі моноқала саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды.

Тізбені өзектендіру моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясаттың атаулылығын арттыруға және экономиканың қала құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігі сақталатын аумақтарда қолдау шараларын шоғырландыруға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама