06 желтоқсан 2022 | 08:51

Екібастұз тұрғындарына келтірілген шығын қалай өтелетіні белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жылу электр орталығындағы апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығыны қалай өтелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жылу электр орталығындағы апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығыны қалай өтелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі өз қаражаты есебінен үйлерінде жұмыс жүргізген тұрғындардан атқарылған жұмыстарға төлем жасалғаны туралы фискалдық түбіртекті сақтауды сұрады.

"Қалада 12 жылу пункті бар, оның жетеуі өтініш қабылдайды. Өтініш еркін формада жазылып, нақты жағдайлар мен келтірілген залал үшін қажетті өтемақы сомасы көрсетілуі тиіс.

Егер жөндеу жұмысын өз беттеріңізбен жүргізген болсаңыздар, онда барлық қажет фискалдық түбіртек ұсынылуы керек. Артынша арнайы комиссия тексеру жүргізіп, үш күннің ішінде шығын өтеледі", - деді Екібастұз қаласының әкімі.

Реклама
Реклама

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Круг шығынды есептеу әлі басталмағанын айтты.

"Қазір біз апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмысты аяқтағаннан кейін комиссия жұмысын бастайды. Қазірдің өзінде екі мыңнан астам өтініш келіп түсті", - деп түсіндірді ол.

Екібастұз әкімі барлық жөндеу жұмысы аяқталған соң қаладағы төтенше жағдай алынып тасталатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная