Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екібастұзда тұрғын өз үйінде заңсыз түрде алкоголь өндіретін жасырын цех ұйымдастырған.
"Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.
Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз дайындау, сондай-ақ оны өндіруге арналған жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!