15 мамыр 2022 14:36

Екібастұзда аулада аңшы мылтығымен жүрген ер адам тұрғындарды шошытты

Видео кадры

Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде шолақ мылтықпен аулада жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Оны полиция қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда көпқабатты үйлердің бірінде шолақ мылтықпен аулада жүрген ер адам тұрғындарды шошытты. Оны полиция қамауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шолақ мылтықпен серуендеп жүрген ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Кадрларда тұрғындар қорқып кіреберіске жүгіргені, артынан шолақ мылтық ұстаған ер адам келе жатқаны көрсетілген. Тағы бір видеода белгісіз біреу жерден жатқан оқты алып, қаруды оқтап, кейін баспалдақпен көтеріліп, сыртқы есікті екі рет теуіп, үйге кіргенін көруге болады.

Реклама
Реклама

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсталған ер адам 33 жаста екенін хабарлады.

"Ер адамнан бір ұңғылы аңшылық мылтық пен 16 калибрлі 2 патрон тәркіленіп, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша процестік шешім шығарылады. Полиция тексеру жүргізіп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Полиция хабарына қарағанда, ұсталған адам мас болған, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram