16 тамыз 2024 | 14:42

Екібастұзда бес жасар бала ацетон ішіп, уланып қалған

Фото: depositphotos.com

Екібастұзда бес жасар бала ацетон ішіп, ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда бес жасар бала ацетон ішіп, ауруханаға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бес жасар балаға 15 тамызда сағат 16:51-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға "жедел жәрдем" шақырылған. Дәрігерлер алдын ала химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті.

Білім беру бөлімінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бөтелкені алып, бір жұтым ішіп қойған.

Реклама
Реклама

"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады, – деп түсіндірді Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Лаура Дисюпова.

Науқас Екібастұз қалалық ауруханасында орта дәрежедегі жағдаймен бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі таңда толық дәрігерлердің бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная