21 сәуір 2020 09:07

Екібастұзда бір отбасының кішкентай екі баласы коронавирус жұқтырған

Tengrinews.kz мұрағатынан

Екібастұзда үш адам COVID-19 жұқтырған. Олардың арасында бір отбасының кішкентай екі баласы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда үш адам COVID-19 жұқтырған. Олардың арасында бір отбасының кішкентай екі баласы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

1960 жылы туған әйелден, 2014 жылы туған қыз бен 2017 жылғы ұл баладан коронавирус анықталған. 

Реклама
Реклама

"Барлық науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланысқан. Барлық жағдайда байланыс жасаған адамдар анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр", - делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 33 жағдай тіркелген. Олардың арасында бес бала бар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram