ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2023 | 15:29
Екібастұзда ЖЭО бұрынғы директорына қатысты сот процесі жүріп жатыр
Екібастұзда жергілікті жылу электр орталығындағы апат дерегі бойынша қылмыстық сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұзда жергілікті жылу электр орталығындағы апат дерегі бойынша қылмыстық сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС бұрынғы бас директоры Павел Мельничуктен бөлек, "ЕЖЭО" ЖШС бөлімшесінің экс-басшылары Виктор Вебермен "ЭЖС" ЖШС-нің бұрынғы басшылары Евгений Горватқа қатысты сот процесі жүріп жатыр. Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы "Міндеттеріне сенімсіздік таныту" бойынша айыпталып жатыр.
Соттың мәліметінше, Екібастұз ЖЭО жұмысындағы ақаулар мен технологиялық бұзылулар бұрын да тіркелген. Зауыт басшылығы осы жылдың қыс мезгіліне дайындық барысында жабдықты техникалық сараптаумен шектелген. Айыптау қорытындысы бойынша жылу орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген.
"Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС бас директоры Павел Мельничук станцианың негізгі және қосалқы жабдықтарының 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы маусымға дайын емес екенін біле тұра, оның салдары үлкен апаттарға әкелуі мүмкін екенін білгенімен жұмысқа жарамды деген актілерге қол қойған", - деді сотта судя.
Жылу электр орталығындағы апат салдарынан 149 көпқабатты және 114 жеке тұрғын үй, сондай-ақ 15 әлеуметтік нысан жылусыз және ыстық сусыз қалған еді.
Айта кетейік, сот процесі екі залда өтіп жатыр, себебі 59 жәбірленуші бір сот залына сыймаған. Шағымданған былтыр қыста жылусыз қалған қала тұрғындары. Өткен жылы Екібастұздың тұрғындарының пәтерлерін жылусыз қалдырған компания 70 мыңнан 7 миллион теңгеге дейін шығын келтірген.
Құрылыс-техникалық және энергетикалық-технологиялық сараптамалардың, сондай-ақ металдар мен қорытпаларды зерттеудің нәтижелері бойынша, құбырлар магистралінің толықтай ескіргені, қазандық және су жылыту цехтарының бас корпусы конструкциясының авариялық жай-күйі, басшылық пен жедел қызметкерлердің дұрыс жұмыс істемегені анықталды. Соның салдарынан үлкен апатқа әкеліп соқтырды.
Еске сала кетейік, Екібастұз жылу электр орталығындағы апат өткен жылдың 27 қарашасына қараған түні болған. Бірнеше қазандық қондырғыларының апатты түрде тоқтауы салдарынан 30 градустық аязда қаланың бір бөлігі жылусыз және ыстық сусыз қалды. Кейін Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды. Білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды. Қыс бойы қала тұрғындары пәтерлерінің суықтығына шағымданды. Кейбір көпқабатты үйлерде қатқан су еріген кезде жылу құбырлары жарылып кеткен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также