Екібастұзда жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше үй жылудан ажыратылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
pixabay

Бүгін Екібастұзда 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылу желілеріндегі ақауды жою кезінде жылудан ажыратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Екібастұзда 65 тұрғын үй, оның ішінде 4 көпқабатты үй жылу желілеріндегі ақауды жою кезінде жылудан ажыратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұз әкімдігі мәліметінше, жөндеу жұмыстары бірден 8 учаскеде жоспарланған. Марғұлан, 1, Мәшһүр Жүсіп, 58/1, Әуезов, 61/1, Молдағұлова және Шығыс өткелдері, 12-желілік өткел, Шевченко, 30, Оңтүстік өткел, 8-көшелер бойынша жылумен жабдықтау желілерінің ақау шыққан учаскелері ауыстырылған.

Тұрғын үйлердегі жылу жүйесін өшіру сағат 8.00-ге дейін жалғасқан. Жөндеу жұмыстарына 37 адам және бес арнайы техника жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

"Барлық жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін жылуы ажыратылған үйлердегі жылумен жабдықтау жүйесі қалпына келтіріледі", - деді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, қарашаның аяғында Екібастұздың барлығы дерлік ЖЭО-да бірнеше агрегат тоқтауына байланысты жылу мен ыстық сусыз қалған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама