04 желтоқсан 2022 10:53

Екібастұзда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Tengrinews.kz

Екібастұзда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, 11 үйдің жылу торабы қосылмаған.

"Пәтерлерге жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйлерде көтергіштер, радиаторлар ауыстырылады. Сондай-ақ, сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты үй бар. Қалған 11 үйді күннің аяғына дейін қосу жоспарланып отыр", - деді жедел штаб өкілдері.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram