15 қазан 2021 | 09:20

Екібастұзда ірі энергетикалық қондырғылар апат жағдайында істен шықты

Екібастұзда ірі энергетикалық қондырғылар істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "KEGOC" АҚ-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда ірі энергетикалық қондырғылар істен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "KEGOC" АҚ-ға сілтеме жасап.

Оқиға 14 қазанда болған.

"Екібастұздағы ГРЭС-1 мен ГРЭС-2-де бірнеше сағат айырмашылықпен қуаты 500 мегаватт болатын ірі энергоблоктар ажыратылды. Сондай-ақ, "ЕЭК" АҚ электр станциясындағы қазандық өндірістің 150 мегаватқа төмендеуіне байланысты апат жағдайында өшірілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осылайша, бұл үш электр станциясында генерацияның апаттық қысқаруының жалпы көлемі 1000 мегаваттан асты.

"Қуат жетпей, электр станцияларындағы үзілістер Ресеймен шекарадағы электр беру желілерінің шамадан тыс жүктелуіне байланысты рұқсат етілмейтін ауытқуларға әкеледі", - деп толықтырды KEGOC.

Апаттың алдын алу және энергия жүйесіндегі өндіріс көлемінің төмендеуі салдарын азайту үшін "KEGOC" акционерлік қоғамы Энергетика министрлігімен келісім бойынша электр энергиясының аймақтық компанияларымен бірлесіп, көп пайдаланатын тұтынушылардың тұтынуын шектеді. Шектеулер жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестеге сәйкес енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная