ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2022 | 15:44
Екібастұзда табылған "маугли" балалардың оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты
Екібастұзда пәтерлердің бірінен табылған маугли балаларының оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты. Еріктілер балалардың әпкесін тауып алды. Әйел бір жасар сәбиімен Павлодар облысында ауылда тұрады, алайда баласын жиі суық үйде қалдырып кетеді екен. Оқиға орнына шақырылған әлеуметтік қызмет қызметкерлері үйде үсіп жатқан баланы тауып, оны дәрігерлерге тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауылдардың бірінде ішімдікке салынған бір әйел баласын үнемі салқын, от жағылмаған үйге тастап кететіні туралы хабар келді. Әйел ата-анасымен бірге тұрады, олар да ішеді. Бала өз-өзімен, тоңып жата береді", - дейді "Vita "Павлодар іздеушілері" еріктілері.
Белсенділердің айтуынша, бұл деректі мемлекеттік органдардың қызметкерлері растады.
"Әйел үлкен балаларына ата-ана құқығынан айырылғаны және Екібастұздағы маугли балаларының анасының туған әпкесі екені анықталды. Бала дер кезінде құтқарылды. Қазір ол ауруханада, анасы полицияға жеткізілді", - дейді еріктілер.
Еске салайық, Екібастұзда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт науқас, аш бала табылды. Балалар ата-аналарымен бірге антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келген, соңғы үш күн нәр татпаған. Үйдегі үлкен бала жеті жаста, қалғандары бес, төрт және үште. Балалар жүре алмайды, адамдардан қорқады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также