28 қараша 2022 08:53

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, 17 қабатты тұрғын үй, бес әлеуметтік және 21 заңды нысан әлі де жылусыз отыр.

Еске салайық, осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлағанбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram