02 шілде 2024 | 10:22

Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды

Фото: Ақорда

Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Тиісті шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Тиісті шешім жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Energy Solutions Center ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты Екібастұз қаласында объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын", - делінген құжатта.

Төтенше жағдай режимі 1 шілдеден бастап қолданылады.

Реклама
Реклама

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, биыл маусымда Екібастұз ЖЭО "Самұрық-Энерго" АҚ-ның арнайы құрылған еншілес компаниясы Energy Solutions Center ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген. Былтыр станцияда негізгі және қосалқы жабдықтарға ауқымды жөндеу жүргізілді. 10 қазандықтың 8-і күрделі жөндеуден өтті, тағы екеуі ағымдағы жөндеумен қамтылды, бұл жылыту маусымында іркілістердің алдын алуға мүмкіндік берді.

"Жүргізілген жөндеу науқаны мен "Самұрық-Энерго" АҚ талдауын ескере отырып, Екібастұз ЖЭО-да №5 қазандық агрегатына күрделі жөндеу және "Самұрық-Энерго" АҚ қаражаты есебінен №9 қазандыққа ағымдағы кеңейтілген жөндеу жүргізу қажет", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная