ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2023 | 12:39
Екібастұздағы атыс кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды
Екібастұздағы атыс кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұздағы атыс кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 мамырда белгісіз біреу медициналық орталықтың жанында оқ жаудырып, бір адамды жаралаған. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оны кеше түнде жедел жәрдем алып келген. Қазір жәбірленушіге ота жасалып, жансақтау бөлімінде жатыр.
"Науқас іш, иық, мықын аймағынан оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, ауыр. Оған қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, оқиға туралы ақпарат 15 мамырда әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также