ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2022 | 09:40
Екібастұздағы төтенше жағдай: барлық үйге жылу берілді
Екібастұздағы барлық зардап шеккен үйге жылу берілді. Бұл туралы жедел штаб басшысы - Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Екібастұздағы барлық зардап шеккен үйге жылу берілді. Бұл туралы жедел штаб басшысы - Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Энергия көзі штаттық режимде жұмыс істейді. Екібастұз ЖЭО қаладағы жылуға қатысты жағдайды қалыпқа келтіру үшін барлық қажет күш-жігерді жұмсап жатыр. Бірақ, өкінішке қарай, кейінгі күндердегі оқиғалардың, соның ішінде тұтынушылар мен пәтер иелері кооперативінің салқындатқышты рұқсатсыз төгуі нәтижесінде болғаны гидравликалық режимнің теңгерімсіздігі бұл жұмысты қиындатады.
Тұрғындарға шыдамдылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз және алдағы 2-3 күнде бірлескен күш-жігердің арқасында жылу беру мәселесі толық қалыпқа келеді деп күтеміз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 27 қарашада түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-да қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтаған болатын. Сол уақыттан бері қалада тұрғындар жылу жоқ екенін айтып, шағымдана бастаған. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдай жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады. Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также