14 ақпан 2022 | 19:19

Екібастұздан табылған "маугли" балалар оқиғасынан кейін екі әкімге сөгіс жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жалдамалы пәтерден табылған "маугли" балалар оқиғасынан кейін ведомствоаралық ынтымақтастықтың жоқтығы үшін Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімдеріне сөгіс жариялады. Бұл туралы аймақ басшысы Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жалдамалы пәтерден табылған "маугли" балалар оқиғасынан кейін ведомствоаралық ынтымақтастықтың жоқтығы үшін Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімдеріне сөгіс жариялады. Бұл туралы аймақ басшысы Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сқақов Екібастұзда болған жағдай қатты толғандырғанын жазды.

"Ең алдымен, балалар барлық қажетті көмекті алып жатыр, барлық сұрақ менің жеке бақылауымда. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, бұдан сабақ алынады.

Бұл оқиға, шын мәнінде, барлық адам үшін сабақ болуы тиіс. Ол профиль мемлекеттік органдар жұмысындағы, сондай-ақ отбасы мен жалпы балаларды қорғау саласындағы бұрынғы проблемаларды көрсетеді", - деп жазды аймақ басшысы.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол Екібастұзда жауапты басқарма басшыларымен және Ақсу мен Екібастұз қалаларының басшылығымен кеңес өткізгенін айтты.

"Ведомствоаралық өзара іс-қимыл проблемалары бар екені көрініп тұр. Ақсу қаласынан көшкеннен кейін отбасы дәрігерлер назарынан тыс қалды – бұрын амбулаториялық бақылауда болған балаларды ешкім іздемеген. Жақында балалардың анасы көпбалалы ана ретінде жәрдемақы ала бастады, яғни кем дегенде бір мемлекеттік органға отбасы туралы белгілі болды. Бірақ басқа профиль басқармалар хабарсыз қалды", - деді ол

Ол жергілікті полиция қызметі, жұмыспен қамту және т.б. органдар жұмысы бірқатар сұрақ туғызатынын айтты.

"Жұмыспен қамту орталықтарында "өтініш болмаса - жұмыс іздеуші де жоқ" қағидаты мүлдем болмауы тиіс. Мен жақында ғана бұл туралы айтқанмын, қайталап айтамын: құзыретті құрылымдар еңбек нарығын мұқият талдай отырып және әлеуетті өтініш берушілерді біле отырып, проактив ұстанымға ие болу керек. Екі әкімге де сөгіс жарияланды, олар өз кезегінде, өздеріне бағынысты қызметшілер бойынша, тіпті жұмыстан шығаруға дейін ұйымдастырушылық шешімдер қабылдауы тиіс", - деп жазды Сқақов.

Сондай-ақ, ол еріктілерге, қоғам белсенділеріне және барлық бейжай қарамаған тұрғындарға балаларға көрсеткен мейірімділігі мен көмегі үшін алғыс айтты.

Еске салайық, Екібастұзда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт науқас, аш бала табылды. Олар ата-аналарымен бірге антисанитария жағдайында өмір сүріп келген, үш күн нәр татпаған. Үйдегі үлкен бала жеті жаста, қалғандары бес, төрт және үште. Балалар жүре алмайды, адамдардан қорқады.

Кейінірек "маугли" балалардың оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты. Еріктілер олардың маскүнем әпкесін тауып алды. Павлодар облысында ауылда тұратын ол бір жасар сәбиін жиі суық, от жағылмаған үйде қалдырып кетеді екен. Оқиға орнына шақырылған әлеуметтік қызмет қызметкерлері үйде үсіп жатқан баланы тауып, оны дәрігерлерге жеткізді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная